«Жарқын болашақ»

Қазақ тілінің мерейін биікке көтеріп келе жатқан республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тіл мерейінің өсе түсуіне үлес қосумен қатар, жастардың шығармашылық қабілетін ашуға, әлеуметтік белсенділігін арттыруға және жарқын болашаққа деген нық сенімдерін қалыптастырып, тұлғалық болмысын көрсетуге бағытталған.

7-11 сынып оқушылары жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 бағыт бойынша («Тілші — әдебиетшілер», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Сөз шеберлері», «Әнші — бұлбұлдар») білімін, өнерін, талантын сарапқа салады. «Тілші — әдебиетшілер» бағыты бойынша қазақ тілі теориясын терең меңгерген оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша тест сұрақтары, емтихан тапсырады. «Сөз мәнері» конкурсында қазақ тілінен мәнерлеп оқудан бақ сынайды. Мұндағы мақсат — оқушыны ауызекі сөйлеуге үйрету. «Әнші — бұлбұлдар» конкурсында қазақ халық әндері мен өзге де ұлттық әндерді кеңінен насихаттау және талантты жастарды анықтау басты міндет. «Жас ғалымдар» конкурсында қазақ тілі білімі, тарихы, тілдің өзекті мәселелерін түсіндіретін ғылыми жоба қорғалады. «Жазушылар» конкурсында үміткерлер туған жерлерінің табиғаты мен атақты жерлестері жайлы шығармаларын бәйгеге қосады. Біздің мектеп оқушылары Макенов Данияр «Жас ғалымдар» бағытында «Ата сөзі» атты ғылыми жобамен және Рудько Ирина «Әнші — бұлбұлдар» бағытында «Туған жер» деген әнмен ІІ орын жеңімпаздары болды.

«Светлое будущее»

«Светлое будущее»

23.01.2019
Қаралым саны: 2010
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области